^Жоғары

logo

Много Joomla шаблонов на www.templete.ru
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
81 

 

 «Экономика және қызмет көрсету мамандықтары» кафедрасының меңгерушісі

э.ғ.к. Әлібекова Айгүл Бекқожақызы. 

«Экономика және қызмет көрсету мамандықтары» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к. Әлібекова Айгүл Бекқожақызы.

«Экономика және қызмет көрсету мамандықтары» кафедрасындағы профессор-оқытушылар құрамы – 13. Олардың ішінде 6 ғылым кандидаты, 1 магистр, 6 аға оқытушы бар.

Кафедра келесі мамандықтар бойынша мамандар даярлайды:

5В050600-«Экономика» (бакалавр);
5В050800- «Есеп және аудит»(бакалавр);
5В090500- «Әлеуметтік жұмыс»(бакалавр);
5В090600-«Мәдени-тынығу жұмысы»(бакалавр);
5В091000-«Кітапхана ісі» (бакалавр).

     Кафедра оқытушылары «Кәсіпорын экономикасы», «Өндірісті ұйымдастыру және басқару», «Менеджмент», «Стратегиялық менеджмент», «Инновациялық менеджмент», «Өндірістік менеджмент», «Заманауи менеджмент» «Ішкі фирмалық жоспарлау», «Жобаларды талдау», «Маркетинг», «Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық қызметі», «Логистика», «Сала экономикасы», «Кәсіпкерлік», «Табиғатты пайдалану экономикасы», «Персоналды басқару», «Жобаларды талдау және басқару», «Өнім сапасын басқару», «Стратегиялық жоспарлау», «Менеджмент және маркетинг негіздері», «Сапа менеджмент жүйесі», «Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау», «Дауыс қою», «Бұқаралық мерекелер және қойылымдар рижессуралары», «Библиографиятану», «Құжат және кітаптың жалпы теориясы» және т.б. пәндері бойынша жоғары оқу орнындағы барлық мамандықтарға дәріс береді.
     «Экономика және қызмет көрсету мамандықтары» кафедрасының өндіріспен және іс-тәжірибемен байланысы: «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС, «Бағдаулет» шаруа қожалығы, «Бағдаулет-57» шаруа қожалығы, «Бидайкөл» шаруа қожалығы, «Сбербанк» АҚ еншілес банкі, «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Облыстық наркологиялық орталық мемлекеттік мекемесі, «Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Zhanros Drilling» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Сыр жиһазы KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Сентрас Иншуранс» акционерлік қоғамы сақтандыру компаниясы, «Саутс-Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қызылорда филиалы, «Бурводстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы, «Қазына и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы.


Кафедраның негізгі міндеттері:

- кафедраға бекітілген мамандықтар бойынша оқу жоспарларын, оқу жұмыс бағдарламаларын жасақтау;
- кафедраға бекітілген оқу пәндерінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
- кафедраның оқытушы-профессорлық құрамының жеке жұмыс жоспарларын жасақтап, оны іске асыру;
- оқулықтар, оқу құралдарын, әдістемелік нұсқаулар, білім алушылардың ағымдық, аралық және қорытынды бақылауларын өткізуге қатысты материалдарды даярлау;
- білім алушылардың оқу материалдарын сапалы меңгеруі үшін жаңа технологиялар мен инновациялық бағдарламаларды пайдалану;
- білім алушылардың өзіндік жұмыс жүргізуіне қолайлы оқу-әдістемелік құралдармен жабдықтау және ұйымдастыру;
- мамандар дайындауда кәсіпорындар, мекемелермен іскерлік және әріптестік қарым-қатынастарды қалыптастыру;
- кафедра түлектерінің жұмысқа орналасуына ықпал ету;
- кафедраның оқытушы-профессорлық құрамының біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;
- бекітілген іс-жоспарларына сәйкес ғылыми зерттеулермен айналысу, ғылыми жобалар даярлау, олардың нәтижелерін тәжірибеге және оқу үдерісіне енгізу.

Оқу-тәрбие жұмыстарында жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастыру жұмыстары, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қоршаған орта тазалығын сақтау жұмыстары атты бөлімдері қарастырылған. Жоспардың мақсаты: ұлтжанды, ана-тілін, ұлттық салт-дәстүрлерін, мәдениетін құрметтейтін, салауатты өмір салтын дағдыға айналдырған, иманды, еңбекқор, іскер, өмірге икемді, бойында басқа да игі қасиеттері бар тұлғаны қалыптастыру, яғни сегіз қырлы бір сырлы азамат тәрбиелеу болып табылады.
Қазіргі уақытта кафедрада «Жас экономист», «Жас есепші» және «Жас өнерпаз» үйірмелері жұмыс істейді. Жетешілері: Ә.Ә.Пірімжанова, Д.Қосбармақова
Кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарының және ғылыми – әдістемелік семинарларының бекітілген жоспарларына сәйкес келесі ғылыми бағыттар бойынша жұмыстар жүргізеді:
Кафедраның ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:

1)Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары мына бағытта жүргізіледі:
- Ауыл шаруашылығындағы маркетингтің ерекшеліктері
- Мұнай - газ саласындағы логистикалық жүйелердің ерекшеліктері
- Ауылшаруашылығы кәсіпорындарын инвестициялаудың проблемалары
- Қызылорда олысының ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық процестер
- Туристік бизнес саласына мамандар даярлаудың өзекті мәселелері
- Жастарды жұмыспен қамтуды басқару
- Экологиялық аймақ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайының мониторингі
- «Стандарт-кост» жүйесі бойынша өзіндік құнды калькуляциялау
- Биологиялық активтердің есебі
- Қазақстан Республикасында телекомуникациялық қызмет көрсету нарығының дамуы
- Қазақстан Республикасында көлік-логистикалық кластерінің қалыптасуы мен дамуы
- Қызылорда олысында қонақ – үй бизнесін дамытудың ерекшеліктері

Негізгі ғылыми жарияланымдар:

Шетелдік басылымдар

     1. А.Б.Әлібекова, Р.Қ.Бегалиева, Ә.Ә.Пірімжанова, С.Н. Бейсенова НАУКА И МИР Международный научный журнал, №3(19), 2015,Том 1. «Методические особенности создания логистических систем в нефтегазовой отрасли» стр.64-68 Impact factor of the journal «Science and world» – 0.325(Global Impact Factor 2013, Australia) www.scienceph.ru
     2. А.Б.Әлібекова, Р.Қ. Бегалиева, Ә.Ә.Пірімжанова, С.Н.Бейсенова НАУКА И МИР Международный научный журнал, №6(22), 2015, Том 1. «Особенности инновационных процессов в АПК Казахстана» Impact factor of the journal «Science and world» – 0.325(Global Impact Factor 2013, Australia) www.scienceph.ru
     3. А.Б.Әлібекова, Р.Қ.Бегалиева, Ә.Ә.Пірімжанова, С.Н.Бейсенова НАУКА И МИР Международный научный журнал, №6(22), 2015, Том 1. «Рынок телекоммуникационных услуг Республики Казахстан» Impact factor of the journal «Science and world» – 0.325(Global Impact Factor 2013, Australia) www.scienceph.ru
     4. А.Б.Әлібекова, Р.Қ. Бегалиева, Ә.Ә.Пірімжанова, С.Н.Бейсенова НАУКА И МИР Международный научный журнал, №6(22), 2015, Том 1. «Реструктуризация железнодорожного транспорта Республики Казахстан» Impact factor of the journal «Science and world» – 0.325(Global Impact Factor 2013, Australia) www.scienceph.ru

Қазақстан Республикасының басылымдары

    1. А.Б.Әлібекова, Р.Қ.Бегалиева, Ә.Ә.Пірімжанова, С.Н.Бейсенова «АльПари» экономикалық журнал, Алматы №1, 2015 «Қазақстан Республикасында экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қалыптастыруды жетілдіру жолдары».
    2. А.Б.Әлібекова, Р.Қ.Бегалиева, Ә.Ә.Пірімжанова, С.Н.Бейсенова «АльПари» экономикалық журнал, Алматы №1, 2015 «Экологиялық аймақ тұрғындарының әлеуметтік экономикалық жағдайының мониторингі». 
    3. А.Б.Әлібекова, Ә.Ә.Пірімжанова, С.Н.Бейсенова «Ақмешіт хабаршысы» журналына, 2015 «Нарықтық қатынас жүйесіндегі ипотекалық несиелеу».
    4. Д.Б.Қосбармақова «ТОО Уралнаучкнига» журналына, 2015 «Жастар тәрбиесіндегі қазақ шешендік сөздерінің алатын орны».



Хабарландыру

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

korruptia

 

logo

 

platonus 

016

 

01111123

 

«АҚМЕШІТ» ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

2018 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНДА «АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІҢ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІНЕН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ.

Акмешит Акмешит-1 Акмешит-2 Акмешит-3 Акмешит-4 Акмешит-5 Акмешит-6 Акмешит-7 

 

 

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz