^Жоғары

logo

Много Joomla шаблонов на www.templete.ru
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
        gumped      

 

 

 

Кафедра меңгерушісі - з.ғ.к. Бисенова Маржан Кылышбаевна.       

«Гуманитаралық-педагогикалық және құқықтық пәндер» кафедрасы институттың оқу-ғылыми құрылымы болып табылады және құқық, педагогикалық, жаратылыстану бағытындағы мамандарды даярлауда, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Гуманитарлық-педагогикалық және құқықтық пәндер» кафедрасының профессор-оқытушы құрамы 22 оқытушыдан тұрады, оның ішінде 11 ғылым кандидаты, 6 магистр-оқытушы, 5 аға оқытушы. 

Кафедра келесі мамандықтарды даярлайды:

5В030100 – Құқықтану;
5В060800 – Экология;
5В011100 – Информатика;
5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу;
5В012000 – Кәсіптік оқыту;
5В042100 – Дизайн.
5В030100 – Құқықтану мамандығы бойынша, оқытушылар құрамы мемлекеттік қызметтің түрлі салалары бойынша, құқық қорғау органдарына және ұйымдарына жоғары кәсіби мамандарды даярлайды.

Мамандықтың негізгі ғылыми зерттеу бағыттары:

- Конституциялық құқық;
- мемлекет және құқық теориясы;
- мемлекет және құқық тарихы;
- қылмыстық құқық;
- криминалистика.

Кафедра оқытушылары оқу-әдістемелік жұмыстармен үзбей жұмыс жасайды. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары институт ішінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін студенттік конференцияға және басқа да ЖОО-да өтетін халықаралық және республикалық конференцияларға, студенттік олимпиадаларға студенттер дайындайды. Кафедраға криминалистика кабинеті бекітілген, кабинет криминалистиканың негізгі элементтері көрсетілген стендтермен жабдықталған және де криминалистикалық зертхана жұмыс жасайды. Оқиға орнын зерттейтін чемоданмен, дактолоскопиялық құрал-жабдықтармен, фотоаппаратурамен қамтылған. Осылардың көмегімен студенттер тергеу эксперименттерін жүргізіп болашақ мамандықтарымен танысады. Болашақ заңгер мамандар даярлауға қажетті кафедрада сот отырыс залы жұмыс жасайды.
Кафедрада «Жас заңгер» үйірмесі жұмыс жасайды. Оқытушылармен бірігіп студенттер азаматтарға заңгерлік кеңес береді.
Кафедра республикалық оқу орындарымен тығыз байланыста:

- Әл-Фараби атындағы Казақ Ұлттық университеті;
- М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті;
- Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті;
- І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті;
- Қазақ Гуманитарлық Заң университеті.

5В060800 – Экология мамандығын бітірушілері келесі салаларда жұмыс істей алады:

- арнаулы оқу орындарында экология пәнінің оқытушысы;
- агробиостансаларда жоспарлау, қайта құру, суландыру, көгалдандыру бойынша жобалаушы және конструкторлық ұйымдарда;
- әр түрлі деңгейлердегі мемлекеттік құрылымдарда;
- (СЭС, ауыл шаруашылығы және минерал шикізаттарды өңдейтін өндірістерде).

Ғылыми бағыттары:

- өсімдіктерді қорғау;
- мұнай шығаратын кәсіпорындардың Арал өңірінің экологиясына әсерін зерттеу;
- Арал өңірінің ауыл шаруашылығының экологиялық бағасы.

Ғылыми байланыстары:

- Ы. Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты;
- Казақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті;
- Алматы технологиялық университеті;
- Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті;
- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

 

5B011100 - «Информатика».

Бұл мамандықты игеру барысында білім алушылар қазіргі бағдарламалық және жүйелік тілдердің бағдарламалау технологиялары Assembler, Turbo Pascal, Delphi, Visual Basic, Visual FoxPro, C + , C ++, HTML, JAVA, сондай-ақ бейнетехнологиялар, компьютерлік графика және 3D модельдеу (Adobe Photoshop, Corel Draw, 3d MAX, Adobe Premiere, Pinucle Studio, Macromedia Flash, 3DSMax), берілгендер қоры (SQL, MySQL, Oracle, FoxPRO) және глобальды Интернет желісімен жұмыс жасай алады.
Кафедра бұл мамандық бойынша тығыз ғылыми-практикалық байланыс жасауда.
Халықаралық қатынастар негізінде:

- Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті;
- Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы;
- Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;
- Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университеті;
- Қ. Жұбанов атындағы өңіраралық мемлекеттік университеті ;
- Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі бағыттарда жүргізілуде:

• Оқыту үдерісіне жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану;
• Оқу үдерісіне ақпараттық технологияларды ендіруге байланысты оқытудың әдістерін, формаларын жетілдіру мәселелері;
• Педагогикалық бағыттағы мамандықтар студенттерін электронды оқытуды жүзеге асыру;
• Білім беру ортасында ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолданудың өзекті мәселелері;
• Бағдарламалау;
• Компьютерлік желілер;
• Бейінді мектеп оқушыларының ақпараттық дүниетанымын информатика пәні арқылы қалыптастыру әдістемесі;
• Болашақ мұғалімдерде информатика пәнінен есеп шығару дағдыларын қалыптастыру жолдары.

5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу, 5В012000 – Кәсіптік оқыту, 5В042100 – Дизайн мамандықтары.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары:
Кафедраның ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:

- кәсіби білім беру мазмұнын жетілдіру;
- студенттерге технологиялық білім беруді жандандыру;
- білім беру нарығының қалыптасуын зерттеу;
- Сыр бойындағы бейнелеу өнерінің дамуын зерттеу.

Кафедраның негізгі жұмысы білікті мамандарды даярлау: еңбек пәнінің мұғалімі, кәсіби оқыту педагогтарын, дизайн бакалаврларын, бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімдерін, мәдениет, өнер және техника саласының қызметкерлерін даярлау. Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, «Кәсіптік оқыту (сала бойынша)», «Бейнелеу өнері және сызу», «Дизайн» («графикалық дизайн») мамандықтары бойынша студенттердің тиімді жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру, кәсіби тұрғыда өсуге дайындау.

Кафедра жыл сайын «Кәсіптік оқыту (сала бойынша)», «Бейнелеу өнері және сызу», «Дизайн» («графикалық дизайн») мамандықтары бойынша оқитын студенттердің жеке дара шығармашылық жұмыстарының көрмесін ұйымдастырады. Атап айтқанда, қол өнер бұйымдары, әр түрлі жанрдағы салған суреттер, ағаш өнімдерінен жасалған бұйымдар, тұрмысқа қажетті бұйымдар, графикалық дизайн бойынша дайындаған жобаларын және модельдерін көрсетеді.

Хабарландыру

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

korruptia

 

logo

 

platonus 

016

 

01111123

 

«АҚМЕШІТ» ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

2018 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНДА «АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІҢ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІНЕН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ.

Акмешит Акмешит-1 Акмешит-2 Акмешит-3 Акмешит-4 Акмешит-5 Акмешит-6 Акмешит-7 

 

 

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz