^Жоғары

logo

Много Joomla шаблонов на www.templete.ru
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының тарихы

Сыр елінде білім беру ісінде өз орнын тапқан жоғары оқу орындарының бірі - «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты.

Институт 1998 жылы  Қызылорда инженерлік-экономикалық институты болып құрылды. Оқу үдерісі «Техника және бизнес» факультетінің математика және  ақпараттық технология, экономика және менеджмент, жалпы инженерлік пәндер, әлеуметтік пәндер кафедраларында ұйымдастырылды.

 2009 жылы Қызылорда инженерлік-экономикалық институты «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты болып қайта тіркелді.

Институт құрылған жылдардан бастап профессор-оқытушылар құрамында Сыр елінде танымал ғалымдар еңбек етті. Олар: техника ғылымдарының докторлары, профессорлар С.Ә.Монтаев, С.З.Рахатов, Б.Е.Тыныштықбаев;  педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.С.Үсенов; физика-математика ғылымдарының докторы А.Ж.Сейітмұратов, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.З.Сауытбаева; техника ғылымдарының кандидаттары Ж.Н.Байманов, П.Ә.Таңжарықов, Д.Т.Байниязов, Н.Әбілдаев, С.Аханов, М.Ембергенов, А.Т.Үргенішбеков, Ғ.О.Қаршыға, А.Т.Шегенбаев, А.М.Жабағиев; ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары Ж.Ә.Әбілдаева, Ф.О.Искакова, М.М.Жанзақов, Б.Т.Кенжалиева; экономика ғылымдарының кандидаттары Ш.Қ.Алехина, Д.А.Ахметов, А.Б.Әлібекова; физика-математика ғылымдарының кандидаты А.О.Мұстаяпов; география ғылымдарының кандидаттары Қ.Ә.Омаров, О.Т.Айдаров; химия ғылымдарының кандидаты Н.Ахатаев.

Институт қабырғасында еңбек нарығына қажетті жоғары кәсіби және сұранысқа ие мамандар дайындалады. «Ақмешіт»  гуманитарлық-техникалық  институты  түлектері Қазақстан экономикасының әр түрлі салаларында жемісті еңбек етуде.

Еңбек нарығына сай сапалы мамандар даярлау мақсатында институт құрылтайшылары материалдық-техникалық базаны нығайтуды ерекше назарда ұстайды.

Қазіргі кезде институт жалпы 5, 3 және 2 қабатты оқу ғимараттарында орналасқан.  Институт ғимараттарында оқу үдерісін талапқа сай жүргізу үшін зертханалармен, оқу кабинеттерімен, дәрісханалармен жабдықталған. Мамандықтардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарындағы пәндері бойынша оқу үрдісін қамтамасыз ету үшін оқу-зертханалық кабинеттер, оқу-өндірістік  шеберханалар, компьютерлік қондырғылар және құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, институтта кітапхананың оқу залы, электрондық оқу залы,  спорт залы, студенттік жатақхана, асхана, медициналық қызмет көрсету бөлмесі ұйымдастырылған.

Оқу-тәрбие және ғылыми-ізденіс жұмыстарды талаптарға сәйкес ұйымдастыру үшін, института төмендегі құрылымдық бөлімдері жасақталынған:

-        3 оқу ғимараты;

-        50 орынға арналған 1 жатақхана;

-        170 мыңнан астам кітап қоры;

-        80 орынға арналған 2 оқу залы;

-        30 орынға арналған 1 электрондық оқу залы;

-        135-ге жуық жаңа үлгідегі компьютермен жабдықталған;

-        15 мамандандырылған оқу зертханалары;

-        1 тігін шеберханасы;

-        1 студенттік асхана;

-        1 дәрігерлік пункт;

-        1 спорт залы;

-        мәжіліс залы, мұражай және көрме залдары пайдаланылады.

Институт профессор-оқытушылары мен студенттерінің спортқа ден қоюына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасалған.

Қызылорда облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы жариялаған аң аулайтын алқаптарына иелік ету құқығын беру туралы тендрге қатысу нәтижесінде институт жалпы аумағы 6292 гектар Иіркөл аң аулау алқабына иелік жасау құқығын жеңіп алды. Институт бұл аймақта қоршаған ортаны қорғау шараларын жүргізумен қатар экология және дизайн мамандықтары бойынша оқу өндірістік  базасы ретінде пайдаланады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бойынша бекітілген кестеге сәйкес институт 2013 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік аттестаттаудан өтті.

Хабарландыру

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

korruptia

 

logo

 

platonus 

016

 

01111123

 

«АҚМЕШІТ» ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

2018 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНДА «АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІҢ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІНЕН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ.

Акмешит Акмешит-1 Акмешит-2 Акмешит-3 Акмешит-4 Акмешит-5 Акмешит-6 Акмешит-7 

 

 

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz