^Жоғары
Шегенбаев Абзал Тлеубергенұлы,
"Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институтының ректоры,
техника ғылымдарының кандидаты
Құрметті сайт қонағы Сіз ректор блогы арқылы институт ректорына хат жібере аласыз.
Ол үшін "Хат жазушы үшін" деген жерді толтырып, "Хатты жіберу" батырмасын басыңыз.
Хатыңызға жауапты төмендегі "ЖАРИЯЛАНҒАН ХАТТАР ТІЗІМІ" деген жерден және өз электондық поштаңыздан оқи аласыз.
ЕСКЕРТУ: Егер хат мәтінінде басқа адамның ар намысына тиетін немесе басқа да келеңсіз жағдай болса хатыңыз блогта жарияланбайды. Жауапты тек өз электрондық поштаңыз арқылы ғана аласыз.
Жарияланған хаттар тізімі:
«Ақмешіт» гуманитарлық-те хникалық институтының сайтында «Талапкер-2018» мәзірінен сіздің сұрағыңызға барлық жауаптарды таба аласыз.
«Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына» сәйкес күндізгі оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін қабылдаушы білім беру ұйымының басшысы жазғы және қысқы демалыс кезеңінде, бірақ кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарастырады. Осыған байланысты Сіз 2018-2019 оқу жылының жазғы демалыс кезінде ауысатын оқу орнына өтініш жазып транскрипттің түпнұсқасы, жеке куәліктің көшірмесі, білім құжатыңыздың және ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификатының көшірмелерін ұсынасыз. Ауысатын оқу орнында мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарында пән айырмашылығы болған жағдайда, оны кредит санына байланысты ақылы негізде игересіз.
Құрметті Ата-ана! Оқу орнына Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасынан арнайы хат келеді, осы хаттың негізінде 4 категория бойынша қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру ақысын алу үшін студенттерден құжаттар жиналады.
1) Тұл жетім студенттер
2) Көп балалы отбасылар (18 жасқа дейінгі 4 баласы бар ата-аналар, жанұя құрамы, табыс көрсеткіші жан басына шаққанда ең төменгі күн көріс көрсеткішінен төмен болса немесе тиісті мемлекеттік органнан жұмыссыздық туралы анықтама)
3) Толық емес отбасылар
4) Әлеуметтік тұрмысы төмен, табысы аз отбасылар
Тілек білдіргеніңізге рахмет!
Құрметті Мархабат Сынасапова! Сіздің институтымыздың 20 жылдық мерейтойы жөнінде ақпарат орналастыру жөніндегі ұсынысыңыз мақұлданып, орындалу үстінде. Жақын арада сіз институт веб-сайты арқылы өзіңізге қажетті ақпараттарды оқи аласыз. Бүгінде сол бойынша мәліметтер қоры жинақталып жатыр.