Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

2017 жылдың 28-ақпан күні «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты «Жастар ісі жөніндегі» комитеттің және «Экономика және қызмет көрсету мамандықтары» кафедрасының ұйымдастыруымен 1,2-курс білім алушылары арасында «Жұлдызды жұп» байқауы өткізілді.

Халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, жөн-жоралғыларын жастардың бойына сіңіру, болашаққа сеніммен қадам басқан батыл намысты ұлдарды және қыздарды тәрбиелеу, өнерлі жастарды жан-жақты насихаттау, шығармашылығына қолдау жасау мақсатында өткізілген бұл сайыста  қатысушы жұптар төрт түрлі кезең бойынша сайысқа түсті:"Тегін білген текті елдің ұрпағымыз", «Тарихқа үңілсек...», «Өнерлі жұп», «Ұшқыр ойлы, жүйрік қиял жұпсың ба?».

«Тарихқа үңілсек...» сайысы бойынша тарихта есімдері  қалған қос ғашық Сырым мен Қаракөздің хикаясын ерекше сомдаған Серік Аружан мен Асланбек Дәулетбек көрерменнің ықылас-ризашылығына ие болды.

Сонымен қатар, халқымыздың інжу - маржан сөз қазынасына ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан - ұрпаққа жеткен Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Еңлік пен Кебек, Жібек пен Төлеген, Естай мен Қорлан бейнелері де театрландырылған көрініс ретінде қойылды.

Байқау нәтижесінде Серік Аружан және Асланбек Дәулетбек «Жұлдызды жұп» номинациясына ие болды. Жүлдегерлерге арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

 

 

 

               

93 104
94 95
97 98
99 102
101 96
103 105
100 106