Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының және Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің 1-курс студенттері арасында  үстіміздегі жылдың  7-қарашасы күні Студенттер сарайында дәстүрлі «Үздік топ - 2017» өнер байқауы өткізілді.

Өнер байқауын өткізудің негізгі мақсаты жоғары әлеуметтік белсенділікті, азаматтық жауапкершілікті, жастардың рухын дамыту, сонымен қатар, дарынды жастарды анықтау және ынталандыру, жастар арасында шығармашылық мүмкіндіктер мен мәдени алмасуларды жүзеге асыру болатын.

Байқау бағдарламасы бойынша студенттер жүргізушілер сайысына, ән орындаушылар сайысына, жайдарман ойынына, ерекше жанр сайысына, бишілер байқауына, театрландырылған көрініс қою сайысына қатысып, өздерінің талантты екендерін көрсете білді.

Өнер байқауына қазылық еткен «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының оқу ісі жөніндегі проректоры-бірінші проректор А.Үргенішбеков, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртісі Е.Асанов, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Хореография» кафедрасының аға оқытушысы Ж.Юлдашева және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Ж.Кенжебаевтар тамыры тереңде жатқан қазақтың тарихын дәріптеп, рухани азық алатын кезең – осы студенттік кезең екенін айтып, бойында білсем-үйренсем деген білімқұмарлық пен еңбексүйгіштік қасиеттері қалыптасқан жалынды жастардың қатары толыға берсін деген тілектерін айтты. 

Өнер байқауының нәтижесі бойынша «Үздік топ - 2017» номинациясын, яғни бас жүлдені институтымыздың Д-17-1 оқу тобы, 1-орынды колледжіміздің ОП-17о оқу тобы, 2-орынды СТ-17о оқу тобы, 3-жүлделі орынды ТП-17о оқу тобы иемденді. 

41 42
44 45
46 47
48 49
50 51