Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

АИТВ инфекциясының індеттік ахуалы жылдан жылға күрделенуіне байланысты, аталған індеттің алдын алу және онымен күресу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 16.11.2017 ж. «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты студенттері мен «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының» медициналық қызметкерлері арасында «Дені сау болуға құқылы!» тақырыбында акция өткізілді.

Жастардың, әсіресе мінез-құлқы қатерлі топ өкілдерінің арасында АИТВ инфекциясының таралуына тежеу жасау мақсатында өткізілген акция барысында дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы кұрес кампаниясы туралы түсінік беріліп,  студенттерге «Жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алу» тақырыбында бейнебаяндамалар көретілді, сонымен қатар, студенттер арасында «Өзіңнің АИТВ ахуалыңды біл» тестілеуі жүргізілді.

Аталған іс-шараға «Облыстық тері-венерология диспансері» мамандары, «Облыстық жастар денсаулығы орталығы» мамандары қатысып, студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан жауаптар берілді.

56 57
58 59