Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

2018 жылдың 12 қаңтары күні «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің, студенттердің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  атты Жолдауын талқылауға арналған жиналыс өтті.

«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының оқу-ісі жөніндегі проректоры - бірінші  проректор  т.ғ.к. А.Т.Үргенішбеков алғы сөз сөйлеп, жыл сайынғы жолдаулардың маңыздылығына тоқталып, жиынды ашып берді. Елбасы Жолдауында айтылған өзекті міндеттерді толығымен түсіндіріп, Қазақстанның 30 жетекші елдердің қатарына кіруге бағытталған негізгі басымдықтарына тоқталды. Мемлекет басшысы цифрлық дәуірден қалмау қажеттігіне баса назар аударып отырғанын, Президент атап кеткен он негізгі басымдықтың түйіні, ол - цифрлық дәуірдің болатынын, цифрлық теxнологиялар барлық салаларда болатынын, мемлекеттік басқару болсын, экономика, әлеуметтік сала, агроөнеркәсіп, өндіріс - барлығында теxнологиялардың басымдығы болатынын, және де қазіргі кезде төртінші өнеркәсіптік революцияның басталғанын, әлем елдері цифрлық теxнологияларға бет алғанын айтып өтті.

Бұдан кейін «Гуманитарлық-экономикалық пәндер» бірлестігінің оқытушысы Г.Ә.Жаркенованың жолдауға байланысты жасалған баяндамасы тыңдалды. Баяндамада аса маңызды басым бағыттарды жүзеге асырудағы жастардың алатын орнын атап өтті, қойылған жоспарларды жүзеге асыру барысында жастарды аянбай еңбек етуге, ол үшін үздіксіз білім алуға, тіл үйренуге шақырды.

Ардагер ұстаз М.Төкенов сөз алып, Жолдаудағы Елбасының  10 міндетін, оның ішінде жетеуі  «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асатынын, атап айтқанда ауылшаруашылық, индустрияландыру, құрылыс, білім беру, денсаулық, коммуналдық салаларды құрайтынын айтып, әр міндетке жеке тоқталып өтіп түсіндірді.

Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенді мүшесі, бітіруші түлек Г.Омар  Елбасымыздың биылғы Жолдауындағы ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы еліміздің 10 негізгі міндетін орындау үшін білімді жастар керек екенін, және ел дамуына үлес қосатын осы бағыттардың орындалуына өз үлесін қосатынын айты.

Жиналған қауым Елбасының Жолдауын және айтылған пікірлерді бар ынталарымен тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарына ақпараттар алды.

076  
078077