Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

2017 жылы 9-желтоқсан күні «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне байланысты жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы үздік жоба» сайысы жарияланып, сайысқа барлық оқу орындарынан көптеген жоба авторлары қатысқан болатын.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынща департаментінің ұйымдастыруымен өткен үздік жоба сайысында «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының «Құқықтану» мамандығы бойынша 4-курс студенті, «Жас Отан» Жастар қанатының институт бойынша көшбасшысы Ж.Қалжан жүлделі 1-орынды иеленіп, институт абыройын тағы да асқақтатып, биікке көтерді.

Ж.Қалжан қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты келеңсіз көріністерді бейнелеп қана қоймай, оның алдын алу және жою жолдарын да ұсына білген.

Институтымыздың мақтанышына айналған Ж.Қалжанның бұдан басқа да марапаттары мен алғысхаттары көптеп саналады. Жұлдызға жұлдызың биіктей берсін деп тілек білдіреміз. 

30 31
036 37
34 35