Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

31.01.2018 жылы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының студенттері және «Жастар ісі жөніндегі» комитеті алдында институт «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшысы, «Гуманитарлық-педагогикалық және құқықтық пәндер» кафедрасының «Құқықтану» мамандығы бойынша Ю-14-1 оқу тобының білім алушы студенті Қалжан Жұлдыз 2017 жылдың қаңтар айынан бастап, 2018 жылдың ақпан айына дейінгі жасалған жұмыстар бойынша есеп берді. «Жас Отан» Жастар қанатының атқарған жұмыстарына жақсы деген баға берілді.

Есеп беру және қайта сайлау жиналысына Қызылорда қаласының «Жас Отан» жастар қанаты филиалының төрағасы Т.Тілес келіп қатысып, Ж.Қалжанға белсенді қызметі үшін алғыс білдірді.

Жиналыс барысында «Тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі А.Е.Бекенова сөз сөйлеп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер турасында айтып өтіп, және елімізде жастар саясатының дамуына, жастардың басын бір арнаға біріктіруде, беделді жастар ұйымдарының бірігейі саяси күшке айналған «Нұр Отан» партиясының қолдауымен құрылған «Жас Отан»Жастар қанатының жұмысы бүгінде қанат жайып, өрістеп тұрғанын ерекше атап өтіп, бұдан кейінгі уақытта да мұндай жұмыстардың жалғасын таба беретініне сенім білдірді.

Қызылорда қаласының «Жас Отан» Жастар қанаты филиалының төрағасы Т.Тілес «Жас Отан» Жастар қанатының тарапынан «Еріктілер» клубының да жанданатынын жеткізді.

Есеп беру-сайлау жиналысының күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты кеңесінің жаңа құрамы бірауыздан сайланып, таныстырылды. 2018 жылдың                               І-жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары сараланып бекітілді. Сонымен, көпшіліктің қолдауы бойынша «Жас Отан» Жастар қанатының институт бойынша көшбасшысы болып, ВТиПО-16-1 оқу тобының студенті Амантай Бақберген сайланды. Жаңа көшбасшыға алдағы уақытта «Жас Отан» Жастар қанатының жұмысына өзіне тән ерекшелік пен қолтаңбасын қалдырады деген сенім білдірілді.

053

049 050
052 055
054 051