Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

19.06.2018 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Бурабайдағы Абылай хан алаңында қоғамдық келі­сім және жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жо­ба­сының тұсауы кесілген болатын.Осы іс-шараның жалғасы ретінде «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында оқытушы-профессорлық құрам мен студенттерге арналған қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін, «Қазақтану» жобасын насихаттауға арналған лекторий өткізілді.

Лекторийді институт ректоры, т.ғ.к. А.Т.Үргенішбеков модератор ретінде жүргізіп, келген қонақтарды жиналған қауыммен таныстырды: Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері және Әбілов Алдажар Әбдірәсуллеұлы – Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты.

«Бұл іс-шараның қоғамдық келісімнің институты болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамасымен өткізілуінің мәні бар. Бейбітшілік, ауызбіршілік және тұрақтылық - бұл Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының негізгі принциптері және «2050 – Стратегиясының» мақсаттарына қол жеткізудің басты шарты болып табылады. Тек осынау құндылықтар ғана біздің еліміздің гүлденуінің сенімді тірегі»- деді өз сөзінде Н.Б.Жүсіп.

Кездесу модераторы А.Т.Үргенішбеков аймағымызға келіп, іс-шарамызға қатысып, тұщымды ойларымен бөліскен құрметті қонақтарымызға және қатысушы қауымға алғысын білдірді.

 

 

01     02

 

 

03