Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылға арналған кешенді жоспар әзірленген болатын. Аталған кешенді жоспардың талаптарын орындау мақсатында «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының және Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің «Саналы ұрпақ» клубтары мүшелерінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 26-қыркүйек күні мәжіліс залында «Адал бол!» тақырыбында акция өткізілді.

Институт және колледж студенттері «Болашақ» университетінен «Адал бол!» акциясының эстафетасын қабылдап алып, акция аясында Ю-17-1 оқу тобының студенті Ф.Пана, Д-18-1 оқу тобының студенті Р.Нақышев осы тақырыпқа байланысты баяндамалар жасады. Аға оқытушы Г.Ә.Жаркенова сыбайлас жемқорлық елдің тұрақты дамуының негізгі басымдығы ретінде әлеуметтік-экономикалық және рухани өркендеуге кедергі келтіретін құбылыс болып табылатынын, онымен күресу барлығымызға ортақ іс екендігін, бұл дертпен еліміздің құқық қорғаусалаларының арнайы бөлімдері, «Нұр Отан» партиясы, сан түрлі қоғамдықұйымдар, белсенді жанкүйер азаматтар күрес жүргізіп келе жатқанын айтты.

Сонымен қатар акцияға Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы М.Б.Искаков қатысып, студенттерге Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңдары нормаларын оқу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, барлық мемлекеттік және жеке органдарда заңды тұлғалардың өтініштерін және хаттарын қабылдау үшін сенім телефондары мен жәшіктер орналастырылғанын, заң бұзушылықтар үшін болатын жауапкершіліктер туралы айтты.

Акция соңында институтымыз бен колледжіміздің белсенді студенттерінің дайындаған «Адал бол!» тақырыбындағы бейнебаяндамасы көрсетілді.

news1news2news3