Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Қасиетті де қадірлі білім ордасы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты және Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінен сан тарапқа қанат қағып аттанған шәкірт-түлектері институттың 20 жылдық, колледждің 15 жылдық мерейтойы қарсаңында алтын ұясында қайтадан бас косты.

8Осындай мерейтой аясында арнайы іс-шаралар жоспары жасалып, көптеген шаралар ұйымдастырылып, біршама жұмыстар атқарылуда. Бұл кездесу - кешегіміз бен бүгінімізді саралайтын, ертеңімізге жол салатын кездесу десек де артық емес. Біздің оқу орнымызды бітіріп, даңғыл жолдың соқпағына түсіп, бүгінде бітірген мамандығы бойынша қызмет етіп жатқан түлектерімізді дөңгелек үстел басына шақырып, естеліктер еліне саяхат жасап қайттық.

Иә, уақыт деген көз алдымыздан зымырап өтіп барады! Кеше ғана тұлымдары желбіреп, алып-ұшып оқуға түскен жас жеткінщектер білім нәрімен сусындап, қоғамнан өз орындарын тауып, бүгінде Қазақстан Республикасына қызмет етіп жүрген үлкен азаматтарға айналып үлгерді.

Ұйымдастырылған кездесу кешінің негізгі мақсаты оқу орнының құрылғанына 20 жыл және 15 жыл толуына орай оқу орнын бітірген кешегі – түлектер, бүгінгі - әр саланың мамандық иелерінің жеткен жетістіктері жайлы, оларды оқытқан ұстаздары туралы дөңгелек үстел басында әңгіме құрып, пікірлесіп, сұхбаттасу. Сонымен қатар студенттер қауымына болашақта таңдаған мамандығының нағыз иесі болуына жол сілтеу, себепкер болу.9

Кездесу кешінің алғашқы сөзін «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының ректоры, Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры, т.ғ.к. Үргенішбеков Айтмағанбет Тұрсынбайұлы ашып, институтымыз бен колледжіміздің тарихынан сыр шертіп, жеткен жетістіктерімізбен таныстырып, түлектерге рахмет айтып, тілегін білдірді.

Бүгінде сан түрлі мамандық иелері, облысымызға белгілі өнер және театр майталмандары, информатика, бейнелеу өнері және сурет, спорт пәндерінің оқытушылары, экология саласының мамандары, заңгерлер мен программистер, ұйымдастырушы-менеджерлер мен инженер-технологтар, экономистер, мемлекеттік қызметкерлер, мұнай–газ саласының қызметкерлеріне айналған түлектер студенттік күндерінен ұмытылмайтын ең қызықты сәттерімен бөлісіп, өмір жолының қалыптасуына әсер еткен алғашқы және сүйікті ұстаздары туралы пікірлерін ортаға салды.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз ұстаздың еңбегін жоғары бағалаған. Расында да ұстаз өз шәкірттеріне аянбай білім беруден ешқашан жалықпаған. Мерейтой қарсаңында өткізілген бұл кездесу кешіне түлектеріміз өздері жұмыс жасайтын мекемелердің басшылары атынан ұстаздар қауымына алғысхаттар, оқу орнына құттықтау грамоталарын, өздерінің шығармашылығынан арнау-өлеңдер тарту етті.

Бүгінде ОПД-13-1 оқу тобының түлегі Т.Барлан жеке кәсіпкер, БД-12-1 оқу тобының түлегі Н.Шымбаева облыстық Ә.Тәжібаев атындағы кітапхана қызметкері, Ю-12-1 оқу тобының түлектері С.Жеңсікбай қалалық сотта жетекші-маман, А.Әліпбеков Әділет департаментінде инспектор, ИИиЧ-14-3 оқу тобының түлегі Е.Қуантқан Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушысы, Ю-14-1 оқу тобының түлегі Ж.Қалжан облыстық «Жас Отан» жастарқанаты филиалында заңгер, ЭЛ-14-1 оқу тобының түлегі А.Байтенова обыстық экология департаментінің жетекші-маманы, ГиМУ-17-1 оқу тобының түлегі Қ.Ботжанов облыстық «Жастар ресурстықорталығы» мекемесі директорының орынбасары қызметтерін атқаруда.

Институтымыз бен колледжіміздің іргетасы қаланған күннен бастап қызмет етіп келе жатқан, алғашқы шәкірттерді қабылдап, оқытып, үлкен өмірге шығарып салудан еш жалықпаған ұстаздарымыз: М.Е.Сбанкулова Ә.Ә.Пірімжанова А.М.Абдуллаева, А.Б.Әлібековалар түлектеріміздің білім ордасында оқып жүрген кездегі сүйікті, сыйлы, адамгершіліктері мол, ашық, жайдары мінездерімен қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысқан сәттерінен қызықты естеліктерді айтып, түлектерге өмірден таңдаған мамандықтарының жемісін көруге тілектестік білдірді.

10

11

12

13

14