Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

emblemma institutБілім бәсекесінде биік болып алға шыққан «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты 2018 жылдың 2-қарашасы күні мерейлі 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Құрылғанына 20 жыл толған «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты мерейтойға арналған салтанатты жиын өткізіп, «Келешегі кемел - білім ордасы» тақырыбында қысқаметражды бейнефильм және кітабын жарыққа шығарды. Мұнда оқу ордасының тарихы мен осы уақытқа дейінгі бағындырған белестері баяндалған.

Жоғары деңгейлі ғылыми-педагогикалық әлеуеті, бәсекеге қабілетті білім беру қызметі, мәртебесі мен қалыптасқан ізгі дәстүрі бар оқу орнының мерекелік салтанатты жиынын институт ректоры А.Т.Үргенішбеков ашып сөз сөйлеп, білім ордасының оң бастамаларын тілге тиек етті.

Айтулы шараға облыс әкімінің орынбасары мен облыстық маслихат хатшысының құттықтау лебіздерін жеткізу үшін облыстық мәслихат аппарат басшысының орынбасары Б.Қ.Баекеева, Нұр Отан партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің ректоры Қ.А.Бисенов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж. Шынтасов білім шаңырағының төрінде сөз сөйлеп, ақ тілегін білдірді. Саналы тәрбие,сапалы білім беруде нәтижелі жұмыс атқарып келген бірқатар ұстаздарға Алғыс хаттар табысталды.

Сонымен қатар, Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясы-Ресей мемлекеттік аграрлық университетінен О.Дидманидзе, Ю.Юлдашбаев және Қырғыз-Ресей-Славян университетінен М.Орозбеков Сыр еліне келіп, мерейтойдың қадірлі қонағы болды.

Шәкірт тәрбиелеу жолында шыдамдылық танытып, ұлағаттылығымен ұлы қызметті абыроймен атқарып келген «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының оқытушылары Қызылорда облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, «Қорқыт ата атындағы Алтын медальмен» және Халықаралық «Білім беру ісінің көшбасшысы» медалімен марапатталды.155

Жиырма жылда жалындаған жастарды өмірге бейімдеп, өз орнын табуына жол сілтеген институт бүгінгі күні талапты да талантты студенттердің мекеніне айналып үлгерген. Тарихы терең, шежіресі мол оқу орнының түлектері де арнайы келіп, мерекелік көңіл-күймен мәртебесі асқақтаған ұстаздарға алғыстарын білдіріп, білім ұясының мерейлі мерекесімен құттықтап қайтты. Білім берген шәкірттерінің еңбек жолындағы үздік жетістіктері-институт пен колледж үшін зор мақтаныш бола бермек. Салтанатты жиын әрі қарай институт оқытушылары мен студенттерінен құралған «Ақмешіт» ансамблі және «Ақмешіт» бишілер тобының әуезді әндерімен, мың бұралған бишілердің өнерімен жалғасын тапты.

156

156

156

156

156

156

156

156

156