Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

166Бойында жалыны бар, шалқыған шабыты бар, ойы алғыр, сезімі сергек Жастардың күні – 17 қараша – Халықаралық Студенттер күні мерекесі «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық интитутында өте жақсы деңгейде атап өтілді. Тәуелсіз ел тірегі, болашақтың жүрегі, айбары мен айбаты Жасампаз Жастардың мерекесінде колледж 1-курстары салтанатты түрде Студенттер қатарына қабылданып, 4-курс студенттері Білім кілтін табыстап, 1-курс студенттері ант қабылдады.

     Институт ректоры А.Т.Үргенішбеков студенттерді төл мерекесімен құттықтап, институтымыздың қоғамдық жұмыстарына белсене араласып жүрген бірқатар студенттерді алғысхатпен марапаттады.

     Сондай-ақ, Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» директоры Ж.Н.Алдабергенов, «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда  облыстық филиалы төрағасы Б.Өткелбаев институт туын биікке көтеріп жүрген өнерпаз студенттерімізді арнайы алғысхаттармен марапаттады.

      Институт оқу ісі жөніндегі проректоры-бірінші проректор, э.ғ.к. А.Б.Әлібекова 1-курс студенттеріне сынақ кітапшаларын тапсырып, әрқашан еліміздің абыройын асқақтатып, биік белестерден көрініп, жоғары табыстарға жете берулеріне тілектестік білдірді. Салтанатты мереке институт өнерпаз студенттерінің концерттік бағдарламасымен жалғасып, би кешіне ұласты. 

167

168