23.09.2019 ж. «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін талдау, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті.
Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, «Ақмешіт – адалдақ алаңы» жобасының жетекшісі Ж.Тұсмағанбетов, орта және арнаулы оқу орындарының директорлары қатысты.
Жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдар түсіндіріліп, әдеп Кодексі мен еңбек тәртібін сақтау, пара алу және пара беру туралы заңдар түсіндірілді.