Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

370Үстіміздегі жылдың қазан айында «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында аймағымыздағы оқу орындарына «Сенім жәшігін» қоюды бастаған болатын.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, «Ақмешіт адалдық» алаңы бірлесіп бастаған бұл шара «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында да 25.10.2019 ж. жалғасын тапты.

Шара барысында «Жас Отан» жастар қанатының белсенді студенті А.Жақсылықова «Сенім жәшігінің» оқу орнына орнатудың және оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығын түсіндірді.

«Тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі А.Е.Бекенова және «Жас Отан» жастар қанатының институт бойынша жетекшісі Е.С.Кенжеев институттағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, аталған бастаманы қолдайтындарын жеткізді.

371

372