^Жоғары

logo

Много Joomla шаблонов на www.templete.ru
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
38

 

 

 

 Серік Аружан – «Жастар ісі жөніндегі» комитет төрайымы

«Экономика» мамандығының 2-курс студенті

 

Студент жастар өмірінің мəселелерін шешуге, оның əлеуметтік белсенділігін дамытуға, əлеуметтік ұстанымдарын қолдауға қатысуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында «Жастар ісі жөніндегі» комитеті құрылған.

Комитет күндізгі оқу формасындағы студенттердің жұмыс істеу мерзімі шектелмеген тұрақты түрде əрекет ететін өкілдік жəне реттеуші орган ретінде, студенттер конференциясында қабылданған «Жастар ісі жөніндегі комитет туралы Ереженің» негізінде əрекет етеді. Институттың «Жастар ісі жөніндегі» комитетінің жалпы жұмысын төрайымы ретінде ЭК-16-1 оқу тобының студенті Серік Аружан жүзеге асырады. 

«Жастар істері жөніндегі» комитет жұмысының мақсаттары және міндеттері:

  • студенттердің жоғары оқу орнын басқаруда, білім алушылардың әлеуметтік қорғалу және олардың әлеуметтік бейімделуге көмектесуде құқықтарының орындалуын қамтамасыз ету;
  • студенттерде өзін-өзі басқару ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, оларды құзыретті және жауапты қоғам өміріне қатысуға дайындау;
  • студенттердің азаматтық мәдениетін, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, олардың әлеуметтік жетілуін,  дербестігін, өзіндік ұйымдастыру және өзіндік даму мүмкіндіктерін дамытуға көмектесу;  
  • студенттердің жеке және кәсіби қасиеттерінің жетілуіне көмектесу;
  • жастар саясатына студенттердің тікелей қатысуы.

«Жастар ісі жөніндегі» комитеттің құрылымы:

  • «Жастар ісі жөніндегі» комитет;
  • Жастар ісі жөніндегі комитет секторлары
  • Жатақхана студенттер кеңесі;
  • «Жас Отан» Жастар қанаты
  • «Жасыл ел» студенттер жасағы

«Жастар істері жөніндегі» комитет секторлары:

  • оқу секторы оқу үдерісін зерттеумен және талдаумен, оқытушы мен студент арасында туған жанжалдық ахуалдарды шешумен айналысады, білім беру үдерісінің өзекті мәселелері бойынша тренингтер, семинарлар ұйымдастырады;
  • ғылыми-зерттеу секторы жоғары оқу орнының студенттерінің ғылыми-зерттеу әлеуеттерін ашуға, зерттеу жұмыстарының танымал етуге көмектеседі;
  • спорт-сауықтыру секторы спорт шараларының ұйымдастырылуына, спорт және салауатты өмір салтын насихаттауға жауапты, спортшылардың спорт шараларына қатысуларына мүмкіндік жасайды;
  • көпшілік мәдени секторы қу орнында, жатақханада өтетін шараларды ұйымдастырады, студенттердің өз әрекетін өзгертеді және жетекшілік етеді;
  • волонтер секторы студенттерге жүзеге асырылатын түрлі халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық бағдарламалар мен жобалар жайлы ақпарат тарады;
  • еңбек секторы гигиеналық нормалардың сақталуы, оқу корпустарын, жатақханаларды, институт аумағын таза және эстетикалық қалыпта ұстау, көгалдандыру және жас көшеттерді күту жұмыстарын ұйымдастырады;
  • шығармашылық секторы жарнама жасаумен, видео, фотобейнелер дайындаумен, студенттердің жобаларын, бастамаларын әзірлеу және жетілдірумен, олардың эстетикалық сұрақтарын шешу мен графикалық құрылымдық шешімдермен айналысады.

«Жастар ісі жөніндегі» комитет «Жас Отан» жастар қанаты және «Болашақ жастары» қоғамдық бірлестігі, «Инновациялық идеяларды дамыту» орталығы, «Жастар ресурстық орталығы» мекемелерімен бірге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы            22-сәуірдегі №227 бұйрықпен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» бойынша 8 түрлі бағыттағы  тақырыптарда іс-шаралар өткізеді. 

  •  Азаматтық-патриоттық тәрбие 
  • Құқықтық тәрбие 
  • Ақыл-ой тәрбиесі
  • Еңбек және кәсіби тәрбие 
  • Дене тәрбиесі
  • Экологиялық  тәрбие
  • Эстетикалық тәрбие
  • Экономикалық тәрбие 

Бағдарламада белгіленген тәрбие мақсаттары мен қойылған міндеттері негізінде келесі басым бағыттарды бөліп көрсетуге болады:

  • Азаматтық-патриоттық тәрбие Отанымыздың тағдыры үшін жауапты, елді бейбіт және әскери жағдайда қорғауға жауапты Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын қалыптастыруы және дамытуы тиіс. Яғни студенттік өзін-өзі басқарудың әлеуетін әлеуметтік маңызды шығармашылық жобаларға, азаматтық және патриоттық бағыттылыққа, конференцияларға, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға жұмылдыру қажет.
  • Құқықтық тәрбие тұлғаның құқықтық санасын, саяси белсенділігін, мінез-құлқын қалыптастыруға, заңға мойынұсынатын, заңды білетін ғана емес, сонымен қатар, оларды саналы түрде орындайтын азамат тәрбиелеуге, ішкі еркіндігі мен өзіндік қасиетін тәрбиелеуге бағытталады. Біздер – ұстаздар, бұл бағытта жыл сайын Конституция сабақтарын, құқық сабақтарын, құқықтық білім берудің тақырыптық онкүндіктерін, әртүрлі тақырыпта дебат апталықтарын, өткізуіміз қажет және мемлекеттік, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік басқару органдары өкілдері, Қазақстан Республикасы парламенті депутаттары, соғыс және еңбек ардагерлерінің және т.б. қатысуымен кездесулер, «дөңгелек үстелдер», конференциялар, интернет-форумдарды «Жастар ісі жөніндегі» комитетке ұйымдастыруды үйрететін болсақ, комитеттің жұмысы жанданған болар еді.
  • Ақыл-ой тәрбиесі – білім алушылардың көзқарасы, шығармашылыққа, стандартты емес шешім қабылдау қабілеті, қоршаған әлемге, өзіне, өзгелерге эмоционалды құндылықты қатынасының қалыптасуымен, ақпараттық мәдениетке дағдылануымен анықталады. Бұл бағытта қазақ, орыс және ағылшын тілдерін сауатты және еркін меңгеруіне байқаулар, олимпиадалар өткізу; іргелі ғылымдар мен ақпараттық технологиялар саласындағы жетекші ғалымдардың ғылыми-танымдық дәрістерін ұйымдастыруымыз қажет.
  • Ұлттық тәрбие адам тұлғасын өз ұлтының, халқының лайықты өкілі, өз тілін, тарихын, адамгершілік, рухани, отбасылық, еңбек дәстүрлерін тасымалдаушы ретінде қалыптастырады. Бұл бағыт бойынша жасалу керек жұмыстар қатарына Абай, Шәкәрім және басқа да көрнекті ағартушылардың, сол сияқты Қазақстанның қазіргі таңдағы жазушылары еңбектерін зерттеу мақсатында оқырмандар конференциясы жұмысын жаңғырту жатады.
  • Еңбек және кәсіби тәрбие еңбекке позитивті оң қатынас және мотивация қалыптастырады, еңбекке жоғары құндылық ретінде дұрыс қатынас орнатуға тәрбиелейді. Бұл бағытта «Жастар ісі жөніндегі» комитет кәсіпорын, ұйым жетекшілерін шақырып, институт түлектерімен кездесулер және бос орындар жәрмеңкелері арқылы студенттердің жұмысқа орналасуына ықпал жасау, студенттердің «Жасыл ел» еңбек отрядтары мен құрылыс отрядтарындағы жұмысқа қатысуын қамтамасыз етуді қолға алуды жоспарлайды.

«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты бойынша

«Жастар ісі жөніндегі комитеті» құрамы

Студенттің аты-жөні

Қызметі

Оқу тобы

1

Cерік Аружан

Төрайымы

ЭК-16-1

2

Тұрсынбай Ақбөпе

Орынбасар

ЭК-16-1

3

Мұхамбетия Сағыныш

Орынбасар

Ю-16-1

4

Карабаксанова Лиза

Орынбасар

УиА-16-1

5

Жолдасбек Қаламқас

Оқу секторы

УиА-16-1

6

Жиенқожа Назерке

Мәдени-бұқаралық сектор

УиА-16-1

7

Сражаддин Әсем

Спорттық-сауықтыру секторы

СР-16-1

8

 Палжанова Дана

Креатив сектор

УиА-16-1

9

Амантай Бақберген

Волонтерлық сектор

ВТиПО-16-1

10

Пана Фариза

Еңбек  секторы

Ю-16-1

11

Жаңбырбаева Айжан

Жастар ісі жөніндегі комитет мүшесі

Д-17-1

12

Нағи Қазбек

Жастар ісі жөніндегі комитет мүшесі

Д-17-1

13

Шорабек Еламан

Жастар ісі жөніндегі комитет мүшесі

Д-17-1

14

Кенжебек Ердос

Жастар ісі жөніндегі комитет мүшесі

Д-17-1

15

Болат Мадина

Жастар ісі жөніндегі комитет мүшесі

СТР-15-1

16

Сүлей Назерке

Жастар ісі жөніндегі комитет мүшесі

СТР-15-1

17

Айтуар Аружан

Жастар ісі жөніндегі комитет мүшесі

Д-17-1

18

Асланбек Даулетбек

Жастар ісі жөніндегі комитет мүшесі

ЭН-16-1

19

Раушанбек Нұрдәулет

Жастар ісі жөніндегі комитет мүшесі

Д-17-1

20

Есепбаева Фарида

Жастар ісі жөніндегі комитет мүшесі

Д-17-1

21

Әмір Сабыржан

Жастар ісі жөніндегі комитет мүшесі

Д-17-1

22

Алтынбекова Ақерке

Жастар ісі жөніндегі комитет мүшесі

Д-17-1

23

Жәнібек Самат

Жастар ісі жөніндегі комитет мүшесі

Д-17-1

24

Асқарова Назерке

Жастар ісі жөніндегі комитет мүшесі

Д-17-1

25

Аяпберген Аружан

Жастар ісі жөніндегі комитет мүшесі

Д-17-1

Студент-жастар арасында ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған  жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру және елдің индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік басым бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде ақпараттық-насихаттау жұмысы жүргізіліп тұрады.

Институт студенттері облыстық іс-шараларға жүйелі түрде қатысып отырады, атап айтқанда: «Қарттарым – асыл қазынам» атты концерттік бағдарламамен қарттар үйіндегі іс-шара, ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» жиыны, 1-курстарды студенттер қатарына қабылдау іс-шарасы, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылатын «Елбасы және тәуелсіздік – егіз ұғым» іс-шарасы, ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шаралар, Халықаралық студенттер күніне орай ұйымдастырылатын жастар науқаны, «Біз талантты жастарды іздейміз» тақырыбымен өткізілетін «Үздік топ » байқауы, «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» жиыны.

Сонымен қатар, облыстық, қалалық форумдар, көрнекті қоғам қайраткерлерімен кездесулер, қоғамдық маңызы бар күндер мен оқиғаларға арналған іс-шараларға да жүйелі түрде қатысып отырады. 

Сыбайлас жемқорлыққақарсы әрекет ету бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде институтымызда қоғамдық комиссия құрылып, «Таза сессия» акциясы, «Сыбайлас жемқорлық – қоғамға аса қауіпті қылмыс» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерімен кездесу өткізу өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен заңнама нормаларын түсіндіру, жастардың құқық саласында сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар «Сынық терезе» жиындары жыл сайын жүйелі түрде өткізіледі. 

Хабарландыру

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

korruptia

 

logo

 

platonus 

016

 

01111123

 

«АҚМЕШІТ» ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

2018 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНДА «АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІҢ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІНЕН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ.

Акмешит Акмешит-1 Акмешит-2 Акмешит-3 Акмешит-4 Акмешит-5 Акмешит-6 Акмешит-7 

 

 

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz